Түркиялық БАҚ: Твумаси «Бурсаспорға» ауысуға жақын

Түркиялық БАҚ: Твумаси «Бурсаспорға» ауысуға жақын
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» мен «Бурсаспор» шабуылшы Патрик Твумасидің трансфері жөнінде бір келісімге келуге жақын. Бұл туралы Kanalahaber.com хабарлайды.

«Патрик Твумаси жөніндегі келіссөздер – «Бурсаспордың» күн тәртібіндегі басты мәселе. «Астана» 2 миллион еуро сұрап отыр, ал «Бурсаспор» 1,25 млн еуро ұсынған болатын. Алдағы бірнеше күннің ішінде қос тарап бір келісімге келеді деп күтілуде», - деп жазды сайт.

Айта кетейік, бұған дейін Твумасиге жапониялық клубтың қызығушылық танытып жатқаны хабарланған болатын. Бұл клуб «Астанаға» ганалық шабуылшы үшін 2,5 млн еуро беруге дайын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер