Кабананганы жоқтатпайтын 5 шабуылшы

Кабананганы жоқтатпайтын 5 шабуылшы
news-banner7
mobile-news-top

Жаңа жылда жаңа маусымға дайындық басталады. «Астанадан» өзгесі келер маусымға дайындығын бастағалы жатыр. Ақпанда «Спортингке» тойтарыс бергелі жатқан «Астананың» құрамы біраз өзгеріске ұшырауы мүмкін. Қазірдің өзінде ганалық Патрик Твумасидің командадан кететіні анық. Сондай-ақ, былтыр Африка Ұлттар кубогының үздік сұрмергені болған Джуниор Кабанангаға да қолқа салып жатқандар көп. Италиядан, одан қалды Қытайдан ұсыныстар көптеп түсіп жатыр. Егер Кабананга кетсе, оның орнын жоқтатпайтын футболшы «Астанада» жоқ. Жалғыз үміткер – Роман Мұртазаев. Алайда оның жоғары деңгейде өнер көрсетуі екі талай. Оның үстіне жалғыз шабуылшымен алысқа шаба алмайтыны анық. Сол себепті Prosports.kz «Астанаға» шабуылшы іздеуде қол ұшын бермек.

Назарларыңызға бағасы мен сапасы сай келетін бес үміткерді ұсынамыз:Картинки по запросу Факундо Феррейра 2017

Факундо Феррейра, «Шахтёр»

Нарықтағы құны: 4 млн еуро

Донецкінің «Шахтёрі» сапында доп тебетін Факундо Феррейра – нағыз голеадор. Қазіргі клубының сапында 101 ойынға қатысып, 50 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген. Сондай-ақ, 11 рет әріптестеріне нәтижелі пас берген. Аргентиналық футболшының келісімшарты 2018 жылдың жазында аяқталады. Қазірдің өзінде Факундо Феррейра «Эвертон» секілді танымал командалардың назарында. «Астанаға» бұл ойыншыны қатарына қосу қиынға соғады. Дегенмен суық ауа-райы мен шығыстың өміріне үйренген футболшының біздің біріншілікке тез бейімделіп кетері анық.
Картинки по запросу Takumi Minamino

Такуми Минамино, «Ред Булл Зальцбург»

Нарықтағы құны: 3,5 млн еуро

22 жастағы жапон футболшысы болашағынан көп үміт күттіреді. Такуми «Ред Булл Зальцбург» сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Жалпы, 111 кездесуде 36 гол соғып, 17 нәтижелі пастың авторы атанған. Әрине, жас футболшыны неміс Бундеслигасының алдыңғы қатарлы клубтары қатарына алуға тырысады. Бірақ «Астана» жапон футболшысын тұрақты түрде негізгі құрамда шығаруға кепілдік беріп, клубтың еурододада бақ сынайтынымен баурап алуына болады. Оның үстіне елордалық ұжым жас футболшылардың талантын қалай ашатынын жақсы білеміз. Оған мысал да жетерлік: серб футболшысы Неманья Максимович, ганалық қара маржан Патрик Твумасидің қазіргі деңгейіне жетуін бірден-бір себепкер - «Астана».
Картинки по запросу Джордан Хаджилл

Джордан Хаджилл, «Престон Норт Энд»

Нарықтағы құны: 3 млн евро

Ағылшын Премьер-Лигасында алғаш рет 27 жасында ойнап, артынша Англия құрамасына шақырту алған Джейми Вардидің тарихын білмейтін жанкүйер жоқ шығар. Варди Хаджиллу секілді 25 жасында Чемпионшипте өнер көрсетіп жүрген еді. Дегенмен, Джордан Хаджилдің жағдайы жақсы. Екі жыл қатарынан сұрмергендер көшінде үздіктер қатарында келеді. Биылғы маусымда әрбір үшінші матчта гол соққан футболшының қанжығасында 7 доп бар.
Картинки по запросу Amato Ciciretti

Амато Чичиретти, «Беневенто»

Нарықтағы құны: 1,7 млн евро

«Беневенто» А Сериясында көш соңында келеді. Дегенмен, бұл ұжымда да мықты футболшылар жетерлік. Соның бірі – 23 жастағы Амато Чичиретти. «Романың» түлегі «Беневенто» секілді әлсіз команданың сапында сәтті өнер көрсетіп жүр. «Сампдория» мен «Ювентус» секілді азулы қарсыластардың осал жерін тапқан жас футболшының нарықтағы құны 2 миллион еуроға да жетпейді. «Беневентоның» А Сериясына шығуына бірден-бір себепкер болған футболшы «Астананы» күшейте түсетіні анық.
Картинки по запросу Mamadou Kanoute

Мамаду Кануте, «Беневенто»

Нарықтағы құны: 350 мың евро

«Беневентоның» тағы бір өкілі біздің тізімнен орын алды. 24 жастағы жас футболшы негізгі құрамға ілінбей жүр. Алайда Мамаду Канутенің талантына ешкімнің күмәні болмас. Италияның үшінші дивизионында өнер көрсететін «Юве Стабия» командасынан келген Мамадудың болашағынан күтер үміт көп. «Астана» сапына келсе уысына түскен мүмкіндікті жібере қоймас. Оның үстіне, Станимир Стойлов елордалық ұжымның тізгінінде қалса, жас футболшыны тәртіпке салып, жоғары деңгейлі шабуылға айналдырары сөзсіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер