Бокс

Василий Жиров бапкерлік қызметін қайта қолға алды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық даңықты боксшы, 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері, кәсіпқой бокста IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Василий Жиров бапкерлік қызметін қайтадан қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Қазақ боксының қара нарларының бірі Василий ұзақ уақыттан бері АҚШ елінде тұрады. Жаңа жұмысын да сол АҚШ-тың Аризона штатындағы Скоттсдейл қаласында орналасқан Scottsdale Boxing Gym спорт залында бастап отыр.

«Балқаш барысы» неге туған елінде бапкерлікпен айналыспайтыны жайлы сұраққа, өзінің қай елге керек болса сонда еңбек ететінін айтыпты. Соған қарағанда атақты боксшының еліміз атқамінерлеріне аздаған өкпесі бар болуы да мүмкін. Бұлай дейтініміз, ол былтыр туған жеріне келгенде жергілікті басшылардан жақсы жауап ала аламай кеткен көрінеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер