Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.
Criminals

Criminals

Спорттағы заң бұзу мен қылмыстар

Қүрылған күні:

21 желтоқсан 2016

Блог негізін салушы:

Қаракерей

3 қаңтар

Бостандыққа шыққан атышулы Байзақова мәлімдеме жасады (видео)

Бостандыққа шыққан атышулы Байзақова мәлімдеме жасады (видео)

Таэквондодан Қазақстан чемпионы және қара белбеу иегері Айжан Байзақова тәртіпсіздігі үшін үш тәулікке қамалып, 26-желтоқсанда босап шыққан еді.

 Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді. 

«Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы Айжан Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды», — деген еді Алматы ІІД өкілдері.

«Менің ешқандай да Instagram парақшам жоқ. Әзірге, әрине. Өзімнің — @bayzakova деген жекеменшік жалғыз аккаунтымның қалыпқа келуін күтіп жүрмін.

Ал қалғандарының бәрі фейк, бәрі жалған.

Менің Instagram-дағы парақшам екі-үш күннің ішінде қалыпқа келуі керек. Қыз-жігіттер, менің Сіздерге әлі айтарым бар», — дейді видео мәлімдемеде Айжан Байзақова.

Сондай-ақ Айжанды бұрыннан танитын бір блогер оның намазға жығылғанын айтты. Өмірде бір қиындықтары болған Айжан кейіннен намазды қойып кетіпті.

Дереккөз: 365info.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.