Хоккей

КХЛ жұлдыздар ойыны Астанада өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасының дәстүрлі жұлдыздар ойыны «Барыс Аренада» өтеді.

Аталмыш шара елімізде алғаш рет өткелі отыр. 10 қаңтарда Еуразия мықтылары Астанада бас қосады. Шараға құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін 27 клубтан 48 спортшы қатысады. Дені әлемге танымал. Олар 4 командаға іріктеледі.

Айта кететін жайт, «Барыстан» үш бірдей ойыншы осы ойынға қатысады. Команда капитаны Найджел Доус, қорғаушы Кевин Далман мен құрлықтық хоккей лигасы үздіктерінің бірі - шабуылшы Линден Вей.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер