Басқа

Байзақова: Барлығыңыз әулиесіздер ғой!

news-banner7
mobile-news-top

Ел арасында дау тудырған Instagram жұлдызы бұл жайында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Біз «Zakova» клубын жабатынымызды хабарлағым келеді. Оның себебін өздеріңіз де білетін шығарсыздар… Бұл бізде көңіл көтерген сатқындардың кесірінен болды. Олар болып жатқан оқиғаның бәрін ұялы телефондарының камерасына түсіріп, желіге салып жіберген. Құттықтаймын, дегендеріңізге жеттіңіздер! Мұндай жағдайда барлық клуб, барларды жауып тастаңыздар. Барлығыңыз әулиесіздер ғой», – деп жазады Байзақова.

Сонымен қатар Айжан Байзақова Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, аталмыш клубты жауып тастап, қол қусырып қарап отырмайтынжығын мәлімдеген.

«Бізден жабылуымызды сұрап отыр, бар жағдайды түсініп отырған боларсыздар. Бірақ біз қол қусырып қалмаймыз. (...) Иә, бар жаблды. Бізде көңіл көтеріп, демалған, соның барлығын видеоға түсіріп, Желіге таратқан жігіттердің арқасында. Оларды егеуқұйрық сатқындар дегеннен өзге сөз табылмады. Ол жерде көңіл көтермеген адам болса, түсінуге болатын еді», - дейді Айжан Байзақова.

Дереккөз: qamshy.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер