Теннис

Зарина Дияс қатысып жатқан Shenzhen Open турнирі жайлы

Зарина Дияс қатысып жатқан Shenzhen Open турнирі жайлы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирге қатысып жатыр. Дияс іріктеу сатысында франциялық Полин Парментьені жеңсе, екінші кезеңде жарыс қожайыны Чжан Шуайды жеңді. Сөйтіп турнирдің ширек финалына жолдама алды. Ширек финалда оны бұрынғы бірінші ракетка Мария Шарапова күтіп тұр.

Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан бұл турнир Shenzhen Open турнирі деп аталады. Жалпы 24 әйел теннисші қатысуда. Жарыс 30 желтоқсаннан, алтыншы қаңтарға дейін жалғасады.

Бұл турнирдің сыйақы қоры да өте мол. Жалпы жүлде қоры 750 мың долларды құрайды. Ал жарыс жеңімпазы 163 мың долларды қалтасына басады. Екінші орын алған тениисші 81 мың АҚШ долларын иеленетін болады.

Зарина Дияс жарысқа шығатын ширек финалдық кездесулер 4 қаңтар бейсенбіге жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер