Әлем футболы

Месси мінсіз еместігін айтып қалды

Месси мінсіз еместігін айтып қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси өзін мінсіз футболшы деп есептемейді.

«Алтын доп» жүлдесінің бес дүркін жеңімпазы әлі де жақсарта түсетін тұстарының көптігін айтады.

«Барлық жағынын мықты болғым келеді. Алайда, мен әлі де жетілдіре түсуге тиіс нәрселер бар. Мысалға – пенальти. Маған әлі де он бір метрлік айып добын орындауды жақсарта түсу керек. Спорттық мансабын аяқталған соң бапкерлікке бара қоюым екіталай. Дегенмен, ол күнге дейін әлі не болары белгісіз. Мүмкін ойымнан айнып қалармын», - дейді Месси.

Сондай-ақ аргентиналық ойыншы отбасылық жағдайын да айтып өтті.
«Мен барлық адамдар сияқты қарапайым өмір сүрем. Әрнине, отбасыма көбірек көңіл бөліп, бірге қыдырып жүргенді қалаймын. Әрбір аяқ алысыңды аңдып жүретін жанкүйерлер кейде кедергі келтіретіні де жасырын емес. Әке болу тілмен айтып жеткізгісіз сезім», - дейді «Барселона» шабуылшысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер