Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.
Футбол деген бір ғажап!

Футбол деген бір ғажап!

Футболды алаңдағы он бір адам ғана ойнамайды

Қүрылған күні:

15 желтоқсан 2017

Блог негізін салушы:

Қуаныш Қаппас

Қазақ футболының Бауыржандары қайда жүр

Қазақ футболының Бауыржандары қайда жүр

«Сергейлердің сағы сынып, Бауыржандардың бағы асты» деген сөз осыдан үш-төрт жыл бұрын мәтелге айналды. Бұл сөз тура мағынасында Сергей Остапенко, Сергей Гридин, Сергей Хижниченко сынды өзге ұлт футболшыларын Бауыржан Исламхан, Бауыржан Тұрысбек, Бауыржан Жолшиев, Бауыржан Байтана, Шерхан Бауыржан қатарлы қазақ ойыншылары басып озғанын білдіретін еді.

Ал ауыспалы мағынасында ұлттық құрама сапында бұрынғыдай басқа ұлт өкілдері емес өз қаракөздеріміздің көбейгеніне қуаныш білдіру болатын.

Айтса-айтқандай сол жылдары Бауыржандардың жұлдызы жанып тұрды. Б.Исламхан, Б.Байтана, Ш.Бауыржандар алматылық «Қайраттың» жейдесінде жүрсе, Б.Жолшиев «Астананың» белді ойыншысы болды. Бұлардың қайсы бірін алып қарасаңда ұлттық құраманың ауыр жүгін арқалай алатын айтулы футболшылар болатын.

Бұрындары бас командамыз сенім артатын «Сергейлер» соңғы кездері әлсірей бастаған. Осыдан он жыл бұрын Қазақстан атынан алаңға екі-үш қазақ футболшы шықса қуанатын едік. Ал бүгінде кемі алты-жеті қаракөз шықса таңғалмайтын болдық. Осы сөзіміздің дәлеліндей С.Остапенко, С.Гридин, С.Хижниченколар ел футболының жұлдызы болудан қалған. Міне, осы жағдайлар баста біз айтқан мәтелдің шығуына себеп болған еді.

Бірақ, қазақ жанкүйерлерінің қуанышы ұзаққа бармады. Біз мақтаған Бауыржандар білгенінен жаңылды. Қазақ футболының ең үлкен жоғалтуларының бірі Жолшиев екені сөзсіз. Жасы 25 ке жаңа толған футболшы жасыл алаңға қоштсқандай болды. Елордалық клуб сапында Чемпиондар лигасында атой салған сол Бауыржанымыз жеткен биігінен бірақ құлады. Жарақат алмай, жасы жетпей Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнап жүріп футболды тастап кеткен футболшы тарихта біреу ғана шығар, сірә!

«Қайраттың» қатарына қосылып, қазақ футболының биігіне жақындаған Б.Байтана мен Ш.Бауыржанның да өнерлері бір сәттік болды. Байтананың алматылықтармен бірге он неше ойынға қатысып, жалғыз гол соғуға ғана қауқары жетті. Ал Шерханның қолынан ол да келген жоқ.

Әрине, біз бұл жерде тек «Қайрат» пен «Астанада» ойнаса ғана мықты футболшы деп отырған жоқпыз. Басқа клубтар сапында жүріп жасындай жарқылдаса да, қанеки! Алайда, бұл Бауыржандардың қолынан ол да келген жоқ. Бірі «Тараздың», бірі «Ақтөбенің» қатарында бірде бар, бірде жоқ ортанқол өнер көрсетіп ғана жүрді. Оның үстіне жастары да 25 тен асып кетті. Біз бұл сөздерді оларды кемсіту үшін емес, қазақ жанкүйерлерінің сенімі ақталмағанын айтып отырмыз.

Бұлардың ішінде болашағынан ең көп үміт күттіргені Б.Исламхан болатын. Әрине, Батори басқаларға қарағанда тәп-тәуір ойнап жүр. Әсіресе, 2015, 2016 жылдары керемет өнер көрсетті. Ол кезде оның шеберлігіне күмән келтіретін адамдар да аз болатын. Алайда, өткен маусым Бауыржан үшін сәтті бола қойған жоқ. Деңгейінде өсу емес, сәл тоқырау бар екені байқалып қалды. Мамандар Баторидің жігерін жанитын, құлшынысын арттыратын бір күштің кем болып жүргенін айтуда.

Шебер футболшы қашанда шебер! Ол білгенін жоғалып алмайды, өзіне талапты төмендетіп алады. Осыдан барып деңгейін жоғалту басталады. Мүмкін, Исламханда да сәл өз-өзіне қанағаттану жағдайы орын алған болу керек. Кейде оның маңызды кездесулерде көрінбей қалатыны да сынға алынады. Жартылай қорғаушы болса да тәртіпсіздігі де бар, маңызды сәттерде алаңнан қуылып кеткен кездері де жоқ емес.

Бауыржан Исламханның жеткен жері осы деуден аулақпыз. Өзін дәлелдеп, Еуропа асам десе әлі уақыт бар. Қанша дегенмен, ұлттық құрамамыз бен «Қайраттың» капитаны. Одан қазақ жаүкүйерлерінің күтері әлі көп. Тек Исламхан ғана емес, кез-келген қазақстандық футболшыдан үлкен үміт күтеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 2

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

3 января 0:32
Бауыржандардың бағын байлаған қазақ футболындағы қыруар қаржы. Жалаң аяқ жалаң бас жүрген бозбалаға есепсіз ақшаны үйіп төгіп бере салу қате. Қабырғасы қатаймаған қаршадай бала айыны миллиондап ақша алған соң қанатын қалай кеңге жайсын? Олардың тоқыраулары сол қалың ақша алған соң басталады.
Қуаныш Қаппас
3 января 0:57
Иә, Қазақстанда футболға ақша аз бөлінбейді. Өкініштісі сол ақшаның бәрін жалақы төлеуге жүмсайды командалар. Сөйтіп, клубтің басқа салалары қараусыз қалады. нашар алаңдар! Біздің футбол командаларында жарнама деген мүлдем жоқ, клубтің ресми сайттары жұмыс жасамайды, журналистермен, қоғаммен байланыс жоқ. Ата берсе мәлселе көп)
Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.