Бокс

Әлі жеңілмеген америкалық боксшы Головкинмен жұдырықтасуға ниетті

news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге үмітті.

«Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқым келеді. Сол кезде Головкинмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік аламын. Иә, Головкин белбеулерінен бас тарта салуы мүмкін. Бірақ кейде белбеу де үлкен мәнге ие болмайды. Мен онымен жұдырықтасуға дайынмын – егер ол да дайын болса, менеджерлеріміз келіссөз жүргізсін», - деді Андраде IFL TV-ге берген сұқбатында.

Андраде бұған дейін де Головкинді жекпе-жекке шақырған болатын. Жанкүйерлер америкалық боксшыны клоун деп атайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер