Ой қорыту
Футзал

Қазақстан әлем чемпионатын қабылдауға ниетті

Қазақстан әлем чемпионатын қабылдауға ниетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан 2020 жылы өтетін футзалдан тоғызыншы әлем чемпионатын қабылдауы мүмкін.

Біздің елден бөлек дүбірлі доданы өткізуге Коста-Рика, Иран, Жапония, Литва, Жаңа Зеландия және БАӘ ниет білдіріп отыр.

ФИФА әлем біріншілігін қабылдайтын елді 2017 жылдың желтоқсан айында хабарлауы қажет болатын. Алайда жарыс қожайынын таңдау 2018 жылдың желтоқсан айына шегеріліп отыр.

Белді FutsalMania сайтының мәліметінше әлем чемпионатын Литва мемлекеті қабылдауы мүмкін. Өйткені соңғы екі мундиаль Азия (Тайланд) мен Оңтүстік Америка (Колумбия) құрлықтарында өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер