Алексей Полторанин Швейцария жерінде жүлдегер атанды

Алексей Полторанин Швейцария жерінде жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Шығысқазақстандық шаңғышы Швейцарияның Ленцерхайд қаласында өткен «Тур де Ски» кезеңінде ерлер арасында 15 шақырымды классикалық әдіспен жүгіруде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Аталмыш сайыста ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы Алексей Полторанин жоғары нәтиже көрсетті. 15 км қашықтықты 35.30.01 уақытымен мәре сызығын кескен ШҚО спортшысы «Тур де Ски» кезеңінің күміс медалін жеңіп алды. Жарыс жолына барлығы 75 шаңғышы шықты. Жүлде үшін таласта шығысқазақстандық спортшыға тәжірибелі швейцариялық, норвегиялық спортшылар қарсылық танытты. Нәтижесінде небәрі 0.6 секунд басымдық танытып, 35.29.5 уақытымен швейцариялық Дарио Колония жеңімпаз атанды. Ал, норвегиялық Мартин Сундбю үздік үштікті қорытындылады.

Айта кету керек, Алексей Полторанин бұған дейін Италияның Тоблах қаласында өткен әлем Кубогі кезеңінде тап осы қашықтықта қола медаль еншілеген болатын.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер