Футзал

Еліміздің футзал құрамасы әлемде тоғызыншы орында

news-banner7
mobile-news-top

Futsalworldranking.be сайты ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Рейтингтің көшбасшысы - 1931 ұпаймен Бразилия болды. Екінші орынға – 1878 ұпай жинаған Испания жайғасса, үшінші орынды – қоржынында 1740 ұпайы бар Ресей иеленіпті. Қазақстан жаңа рейтингте 1488 ұпаймен тоғызыншы орыннан көрінді.

2017 жылы Қазақстан футзалшылары ЕУРО-2018 турниріне жолдама алған болатын. Іріктеу кезеңін олар бірінші орынмен аяқтады.

Ал Еуропа чемпионаты 2018 жылдың 30 қаңтары мен 10 ақпаны арасында Люблянь (Словения) қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер