Бокс

2017 жылы қазақстандықтар спортшылардан Головкинді көп «іздеген»

2017 жылы қазақстандықтар спортшылардан Головкинді көп «іздеген»
news-banner7
mobile-news-top

Әр жылдың соңында Google әр елге байланысты сараптамалық қорытынды шығарады. Сол әдеті бойынша, компания Қазақстан аймағында ең көп ізделген сөздерді анықтады. Топ-сұраныстар бірнеше категория бойынша жіктелген, олар: "Жыл адамы", "Жыл фильмі", "Жыл сатылымы", "Жыл сериалы".

"Жыл адамы" нұсқасында үздік үштікке қазақстандық боксшы Геннадий Головкин енді. GGG биылғы жылы екі жекпе-жек өткізген. Алғашқысын наурыз айында америкалық Дэниел Джейкобсқа қарсы өткізсе, екінші кездесуінде мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасты. Екі жекпе-жекте де Головкин орта салмақтағы WBA (Super) IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеуін қорғап қалды.

"Жылдың топ сұранысы" категориясы бойынша бірінші орында "Тақтар ойыны 7 маусым" тіркесі тұр. Қазақстан бойынша жылдың ең көп интернет сұранысқа ие болған адамы сөзсіз Димаш Құдайбергенов болды. Ал, сатылымдар бойынша Қысқы Универсиада мен Экспо билеттері көп ізделген екен.

Түпнұсқасы: massaget.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер