Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.
31 желтоқсан 2017

«Астананың» ерлігі - елдің жаңа тарихы

Журналист
«Астананың» ерлігі - елдің жаңа тарихы

2017 жыл ең алдымен елордалық «Астананың» еуродода сәтті өнер көрсетуімен есте қалды. 

Негізі жарыс жолына төрт бірдей клубымыз шыққан. Алайда бірінші турда-ақ шымкенттік «Ордабасы» Босния және Герцеговинаның «Широки Бриег» командасынан айласын асыра алмады. Екінші кезеңде алматылық «Қайрат» пен керекулік «Ертістің» «асығы алшысынан» түспеді. Бар үміт жолын Чемпиондар Лигасында бастаған елордалық ұжымда еді. Үмітті ақтады. Артығымен ақтады. Тарқата кетсек. «Астана» Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастады. Алғашқы сында Латвиялық «Спартакты» жарыс жолынан шығарды. Сырт алаңда жеңіске жетіп, өз алаңында тең түскен Станимир Стойлов шәкірттерінің ойынын жанкүйерлердің дені ұната қоймады. Алайда мұның бәрі бос уайым екенін елордалықтар Польшаның «Легиясына» қарсы кездесуде дәлелдеді. Астана төрінде Кабананга, Маевский және Твумасилердің соққан үш голына қонақтар тек ғана бір доппен жауап қайтарды. Қарымта кездесуде «Астана» жеңілді. Алайда плей-оффтың жолдамасы қолда еді. «Ескі жау атыспаққа жақсы» демекші жеребе жанкүйерлерге жақсы таныс «Селтикті» қарсылас атандырды. «Глазго Паркте» елордалықтар өз-өздеріне ұқсамады. Жанкүйерлер есеңгіреп қалды. «Селтиктің» жігіттері Мокиннің қақпасына үш бірдей дәл соққы жасаған. Алайда таблода - 5:0. Астанада өткен жауапты ойында Станимир Стойловтың шәкірттеріне ешкім сенбеген. Дегенмен елордалықтар жігерліп танытып, шотландиялықтарды бір шошытып алды. Екінші таймда біздің жігіттер 4:1 есебімен алда келді. Жанкүйерлердің көзінде үміт оты пайда болған. Бірақ... Жеткен жетістігіміз осы болды. Қонақтар тез есін жиып, екі доп соқты. Хош... Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі бұйырмаса да, Еуропа лигасына өтіп тұрғанымызға қуандық.

Картинки по запросу кайрат скендербеу

Бұл жолы жеребе жақсы жағынан болды. А тобына Испанияның «Вильярреалы», Израильдің «Маккабиі» және Чехияның «Славиясы» түсті. Соңғы команда «Астананың» басты қарсыласы атанған. «Вильярреалдың» бірінші орынмен топтан шығатынына ешкім күмәнданбады десе де болады. Ал екінші орын қалған үш ұжымның арасында өрбіді. Бірақ Израильдің «Маккабиі» өзгелерге қарағанда осал болды. Бір жеңіс, қалғаны кіл жеңіліс. Шешуші турда «Вильярреал» бірінші орынға мығым тұрақтаса, екінші сатыға «Славия» жайғасқан еді. Бір ұпай қалған «Астана» үшінші. Прагада өтетін кездесуде плей-офф жолдамасы шешілетін еді. «Астанаға» тек жеңіс қажет, тең есеп не жеңіліс қанағаттандырмайтын еді. Апта бұрын Чехия астанасына келіп, дайындықтарын бастап кеткен Станимир Стойловтың командасы тосынсый жасауға әзірленген. Солай болды да. Елордалықтар күтпеген жерден сыйлық жасады. Марин Аничичтің бірінші таймда баспен соққан голы матчтағы алғашқысы және соңғысы болды. Осылайша «Астана» Қазақстан футболының жаңа тарихын жазды. Тұңғыш рет қазақстандық клуб еурододаның топтық кезеңінен шығып, плей-оффқа жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.