Басқа

Алматыда тегін мұз айдындарының қонақтарына сыйлықтар таратылды

news-banner7
mobile-news-top

Жаңа жыл қарсаңында алып шаһардың барлық тегін мұз айдындарында Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Мерекелік бағдарлама аясында Аяз-ата, ақшақар және аниматорлар балаларды құттықтап, еліміздің белді фабрикаларының кондитерлік тауарларын табыстады. Қазақстан кондитерлік ассоциациясы «Тақпақ айтып, бір добра кәмпит ұтып ал» деген ұранмен коньки теуіп, спортпен шұғылданатын қонақтарды Жаңа жылмен құттықтады. Әр тақпақ айтқан бүлдіршін тәтті сыйлыққа ие болды.

- Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қайырымдылық шарасын өткізудеміз. Бұл шара қаланың барлық тегін мұз айдындарында түнгі он екіге дейін жалғасады. Қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, еліміздің кондитерлік фабрикаларына осындай мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін. Біз спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтарды қолдап, сыйлықтар тарту еттік. Осындай шараны мұз айдындарында өткізгеніміз де сол себепті. Біздің өнім Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де танымал. Сондықтан барлығын ұлттық өнімді қолдауларыңызды сұраймыз, - деп бөлісті Қазақстан кондитерлік ассоциациясының вице-президенті Марлен Абулгазинов.

Бұл шара балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.Сонымен бірге, Қазақстан кондитерлік ассоциациясы сыйлықтарды, кондитерлік тауарларды Алматы қаласының балалар үйлеріне де таратып береді.Естеріңізге сала кетсек, желтоқсанның бірінен бастап осындай 8 тегін мұз айдындары ашылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер