Қысқы

Шаңғышы Алексей Полторанин «Тур де Ски» кезеңінде екінші орын алды

Шаңғышы Алексей Полторанин «Тур де Ски» кезеңінде екінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Швейцарияның Ленцерхайде қаласында өтіп жатқан шаңғыдан «Тур де Ски» турнирінде ерлер арасындағы 15 шақырымға классикалық сырғанау жарысында қазақстандық шаңғышы екінші келді.

Жарыстың осы түріне еліміз атынан бір өзі ғана қатысып жатқан отандасымыз Алексей Полторанин керемет өнер көрсетті. Шабысына шаң ілеспес шаңғышымыз мәре сызыған екінші болып кесті. Тек жарыс қожайыны Дарио Колоньядан бар болғаны 0,6 секундқа қалып қойды. Ал үшінші орынды Норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю иеленді.

1. Дарио Колонья (Швейцария) - 35:29.5
2. Алексей Полторанин (Қазақстан) - +0.6
3. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - +13.1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер