Басқа

Фируза Шарипова жекпе-жектен кейін гипспен түскен суретін жариялады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Алматыдағы титулдық жекпе-жегінен кейін түскен суретін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Суреттен ержүрек қыздың оң қолы гипстелгенін көруге болады. Спортшы оны Инстаграмдағы парақшасында жанкүйерлерімен бөлісті. Еске сала кетейік, Фируза Шарипова кешегі бокс кешінің бас кездесуінде Бельгиядан келген Джемилла Гонтарюкті жеңді.

Боксшылар екінші жартылай орта салмақта (59 кг) WBC Silver және IBO Championship нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына таласты. 10 раундтық жекпе-жек қорытындысына сай төрешілер бірауыздан Фирузаның жеңіске жеткенін айтты. Енді Шарипова WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионымен 2018 жылдың көктемінде Таразда немесе Монакода кездесуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер