Бокс/Күрес/ММА

Хабиб Нұрмагомедов Эдсон Барбозаны жеңді

Хабиб Нұрмагомедов Эдсон Барбозаны жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста UFC 219 турнирі өтті. Басты жекпе-жектердің бірінде жеңіл салмақтың белді файтерлері Хабиб Нурмагомедов пен Эдсон Барбоза кім мықтыны анықтады.

Кездесу барысында жағдайды қалыпта ұстаған ресейлік файтер айқын басымдықпен жеңіске жетті. Төрешілер жеңісті бірауыздан ресейлік жауынгерге берді. Хабиб кездесу барысында 154 дәл соққы жасап, үш тейкдаунды жүзеге асырды.

Осылайша, Хабиб Нұрмагомедов ММА мансабындағы 25-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал бразилиялық сегізбұрышта бесінші рет жеңілді. Жекпе-жек соңында Хабиб сөз алып, жақын арада Тони Фергюсон не Конор Макгрегормен айқасуға дайын екенін айтты.

Айта кетейік, туринирдің басты жекпе-жегінде америкалық Холли Холм мен Крис Сайборг күш сынасты. Крис Сайборг жартылай жеңіл салмақта чемпиондық белбеулерін сәтті қорғап, Холмды айқын басымдықпен жеңді.

Дерреккөз:Prosports.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер