Баскетбол

Қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионының образын орыс сомдады

Қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионының образын орыс сомдады
news-banner7
mobile-news-top

Күні кеше Ресейде «Жоғарыға жылжу» («Движение вверх») атты жаңа кино туынды көрерменге жол тартты.

Фильм баскетболдан КСРО құрамасының 1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпиада ойындарында АҚШ-қа қарсы матчтағы жеңісіне негізделген.

Сол тарихи ойында КСРО құрамасының сапында Олимпиада алтынын алған тұңғыш қазақ - Әлжан Жармұхамедов өнер көрсеткен. Оның образын ресейлік актер Александр Ряполов сомдады.

Картинки по запросу ВКонтакте

- Менің образымды сомдайтын актерді көрген сәл таңғалғаным бар. Сарылау келген, көзі көк, ірі жігіт. Кино түсіретін кезде ол салмақ тастап, бетіне грим жағады деп сендірді. Өз рөлін жақсы сомдады, - деп бөлісті әсерімен Әлжан Жармұхамедов «Караван» газетіне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер