Бокс

Мейвезер: Сондерс GGG мен Канелоға қиындық тудыра алады

Мейвезер: Сондерс GGG мен Канелоға қиындық тудыра алады
news-banner7
mobile-news-top

Әлемдегі танымал боксшылардың бірі кіші Флойд Мейвезер британиялық Билли Джо Сондерс орта салмақ жұлдыздарына қиындық тудыра алатынына сенімді.

«Маған Билли Джо Сондерс ұнайды. Ол ақылды, мықты боксшы. Ол жақсы қозғалады. Осы жігіттердің (Геннадий Головкин мен Сауль Альварес) көбіне қиындық тудыра алады. Жұдырықтасу оның қолынан келеді», - деді Мейвезер.

Айта кетейік, Головкин биыл Альвареспен тең түскен болатын. Енді боксшылар 2018 жылдың 5 мамырында екінші рет жұдырықтасады деп күтілуде. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы Билли Джо Сондерспен қолғап түйістіруі ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер