Мейвезер Альваресті ұпай арқылы жеңді
![Мейвезер Альваресті ұпай арқылы жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1379236942_984529304.jpg?v=28690525)
WBA мен WBC тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 36 жастағы американдық боксшы Флойд Мейвезер 23-тегі мексикандық Сауль Альваресті жеңді.
Жекпе-кек Лас-Вегастағы MGM Grand алаңында өткен. Қос спортшы арасындағы кездесу 12 раундқа созылып, жеңімпазды төрешілер анықтады. Нәтижесінде 116-112, 117-111, 114-114 есебімен Мейвезер жеңімпаз атанды.
Айта кетер жайт, бұл Мейвезердің 45-і жекпе-жегі. Спортшы оның 26-ын нокаутпен жеңген. Жеңілістің ащы дәмін бірінші рет татқан Альварес бұған дейін 42 кездесу өткізген.
Екі боксшының жекпе-жегін ұйымдастырған промоутерлер қыруар қаржыға кенелді. Ұзын құлақ бойынша, Мейвезердің қалтасына кешегі жеңісі үшін 41,5 миллион доллар түскен.