Қысқы

Ресейлік спортшылар жазаға ұшырады

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) бұрын Халықаралық Олимпиада Комитетінің комиссиясы дисквалификация жариялаған 11 ресейлік спортшыны FIS аясында өтетін бірде-бір жарысқа қатыстырмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы федерацияның ресми сайты хабарлап отыр.

Халықаралық федерацияның қаһарына ұшыраған спортшылар мыналар:

Александр Легков, Евгений Белов, Алексей Петухов, Максим Вылегжанин, Евгения Шаповалова, Юлия Иванова, Анастасия Доценко, Юлия Чекалева, Никита Крюков, Наталья Матвеева және Александр Бессмертных.

Бұл спортшылардың жазаға ұшырауына допинг дауы себеп болып отыр. Олар енді FIS-тің райынан қайтып, өздеріне кешірім жариялауын күтетін болады.


Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер