Басқа

Алматыда XIX Сурдлимпиада ойындары өтуі мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Алматы әкімі Бауыржан Байбек құлағы мүкіс адамдардың Халықаралық спорт комитетінің президенті Валерий Рухледевпен кездесті.

Қос тарап Алматыда 2019 жылы қысқы XIX Сурдлимпиада ойындарын өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Валерий Рухледев қалада қысқы спорт түрлері, соның ішінде Сурдлимпиада ойындарын өткізу бойынша қажетті инфрақұрылымдардың бар екенін және сол арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды бұқаралық спортқа кеңінен тартуға болатындығын айтты.

«Біз Алматы қаласында салынған тамаша спорт инфрақұрылымымен таныстық. Нысандардың сәулеті және заманауи стандартқа сай жабдықталғаны, белсенді спорттық өмір де тәнті етті. Біз керлинг пен тау шаңғысы бойынша өткен республикалық жарыстарды, балалардың мәнерлеп сырғанау мен хоккей ойнау барысындағы жаттығуларын, сонымен қатар коньки мен шаңғыдан жаппай сырғанау сияқты шараларды көрдік. Осының барлығы, жоғары деңгейде өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада бүгінгі күні Алматының әлемдік қысқы спорт орталығы екенін дәлелдейді», - деді шетелдік сарапшы.

Оның айтуынша, Сурдлимпиадалық ойындар қалалардың қоғамдық кеңістігін жақсартады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үші арнайы пандустар, лифтілер, тротуарлар, бағдаршамдар пайда болып, арнайы белгілер, визуалды көрсеткіштер және көптеген басқалары орнатылады.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде қалада 44,1 мың мүгедек тұрады. Олардың 5-мыңға жуығы құлағы нашар еститіндер. 2017 жылы мүгедектерге әлеуметтік көмек ретінде 4,1 млрд теңге бөлінді

Сурдлимпиада ойындары - құлағы естімейтін адамдардың спорттық жарысы, алғашқы жарыс 1924 жылы Парижде өткен болатын.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер