Басқа

Павлодарда триатлонды дамыту үшін 27 миллион теңгеге велосипедтер сатып алынды

news-banner7
mobile-news-top

Павлодар қаласында №1 Балалар жасөспірімдер спорт мектебіндегі триатлон бөліміне құны 27 миллион теңге тұратын 100 жаңа велосипед сатып алынды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Луначарский көшесі, 28/б мекенжайындағы спорт мектебінің базасында триатлон бөлімі ағымдағы жылдың мамыр айында ашылған болатын. «Қазіргі күні онда 152 баламен бес арнайы жаттықтырушы жұмыс істейді. Бұл мектепті триатлон жабдықтарымен жабдықтау үшін, яғни велосипед, спорттық киім, жаттығу құрылғысын алу мақсатында облыстық бюджеттен 27 миллион теңге бөлінді. 80 велосипед «Twitter» фирмасында алюминийден, ал, қалған 20-сы «Euro bike» фирмасында карбоннан жасалған», - дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорттық сектор меңгерушісі Күмісай Асайынова. Айта кетейік, триатлон спортымен айналысатын балалар көктемнің жылы күндері экологиялық таза көліктерді пайдалана алады. Қазіргі күні оқушылар жабық спорт залдарында шынығуда. №1 БЖСМ Павлодар қаласында 1971 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мектепте 10 спорт түрі бойынша 1500-ден астам жас спортшы тәрбиеленуде.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер