Жеңіл атлетика

Алматыда дәстүрлі Ольга Шишигина турнирі өтті

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы Ольга Шишигинаның жүлдесіне арналған турнир өтті.

2000 жылғы Олимпиада чемпионының құрметіне өткізіп жүрген жарыс 2014 жылдан бастау алады. Төрт жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл доданың бір қызығы – жыл сайын Ольга Шишигинаның туған күнінде яғни 23 желтоқсанда өткізіледі.

Ашылу салтанатында Ольга Шишигина мен Алматы қалалық жеңіл атлетика федерациясының президенті Мұхит Әзірбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс республикалық колледжің жеңіл атлетика манежінде ұйымдастырылады. Негізінен турнирге балалар және жасөспірімдер қатысады. Алайда кезінде Ольга Шишигинаның өзі өнер көрсеткен 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру сайысына ересек атлеттер қатысты. Бұл жолы осы қашықтықта танымал қазақстандық жеңіл атлет Әйгерім Шыназбекова жеңіске жетті. Әйгерімнің уақыт көрсеткіші – 8 секунд.

Турнирдің регламенті бойынша Алматы қаласы мен облысының жасөспірімдері қатысуы керек. Спортшылар 60, 300, 600 метрге жүгіру, 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, эстафета, ұзындыққа және сырықпен секіруден бақтарын сынады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Ольга Шишигина марапаттады.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер