Бокс

Юбэнк Головкинмен жұдырықтасу үшін қандай талап қоятынын айтты

news-banner7
mobile-news-top

Британиялық боксшы кіші Крис Юбэнктің әкесі Сауль Альвареспен реванш болмаған жағдайда ұлының Геннадий Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

«Крис Юбэнк пен журналист Куган Кассиустың сұхбатын көріп отырып күлкім келді. Кейінгісі «Канело» мен GGG кездесуінде кім жеңіске жетеді деп ойлайсыз?» деген сауалына Крис Юбэнк «Канело» жарақат алған жағдайда, ұлының Головкинмен жұдырықтасатынын айтты», - деп жазды боксшы Энтони Фаулер өзінің твиттердегі парақшасында.

Головкин мен кіші Юбэнк осыдан бір жыл бұрын жұдырықтасулары мүмкін еді. Алайда аталған кездесудің ұйымдастырылуын Крис Юбэнк толықтай басқармақ болғандықтан, келіссөз тоқтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер