Футбол

Сампаоли сабырсыздық танытты

news-banner7
mobile-news-top

Аргентина құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли жақында өз елінде әурешілікке ұшыраған көрінеді.

Көлік жүргізіп келе жатқан қызба мінезді Хорхе бапкерді жол полиция қызметкері тоқтатып, оның алкаголдік ішімдік ішпегендігіне көз жеткізбек болған. Алайда мұндай әурешілікке шыдап тұра алмаған Сампаоли өз қарсылығын білдіргенімен қоймай, қызметкерді "сен мына түріңмен айына 100 песо ақша таба аласың ба", деп кемсіткен екен.

Бірақ, кейін сабасына түскен соң әлеуметтік желі арқылы оғаш қылығы үшін кешірім сұрапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер