«Құпия» ақпарат

«Бурсаспор» Твумасиге ресми ұсыныс жасады

«Бурсаспор» Твумасиге ресми ұсыныс жасады
news-banner7
mobile-news-top

Түріктің «Бурсаспор» командасы елордалық «Астананың» ойыншысы Патрик Твумасиді сатып алу үшін оның өкілдеріне ресми ұсыныс жіберді.

Бұл туралы Bursasporluyuz.org сайты хабарлады.

— Біз Твумасидің өкілдеріне ұсыныс жасадық. Мусса Совқа жасаған ұсынысымыздай бәрі ресми болды. Маусым басында «Астананың» өкілдерімен бір келісімге келе алмаған болатынбыз. Енді жағдайдың қалай өрбитінін көреміз. Санның нөлі аса маңызды болмақ, — деді «Бурсаспор» клубының өкілі Хасан Парлакай.

Айта кетейік, ганалық футболшыға «Бурсаспордан» бөлек мәскеулік «Спартакт» пен немістің «Гамбургы» қызығушылық танытып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер