ШҚО-да еркін күрестен облыстық турнир өтті

ШҚО-да еркін күрестен облыстық турнир өтті
news-banner7
mobile-news-top

Жуырда Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде 2006-2007, 2008 ж. т. жасөспірімдер және 2002-2003, 2004 ж.т қыздар арасында Қазақ Совет Социалистік Республикасының спорт шебері Бақыт Аделбаевты еске алуға арналған облыстық турнир өткізілді. Жарысқа облыстан 15 команда, 260 спортшы қатысты.

Боз кілем бәсекесіне Семей, Өскемен, Шемонаиха қалаларынан және Глубокое, Жарма, Катон-Қарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үрджар, Зырян, Ұлан аудандарынан спортшылар қатысты.

Марқұм БақытАделбаев 1962 жылы Ұлан ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келді. 1984- 1992 жылдары жастайынан спортқа бейім Бақыт Аделбаев Обухов совхозында спорт нұсқаушысы қызметін атқарды. 1986 жылы еркін күрестен спорт шеберіне үміткер, ал 1987 жылы қазақ күресінен спорт шебері атағын алды. 1988 жылы қазақ күресінен «Түйе палуан» атағына ие болды. 1 бүкілодақтық спорттық кәсіподақ қоғамының 1 съезіне Ұлан ауданынан алғашқы делегат болып қатысты. 1995 жылдан ішкі істер бөлімінде қызмет атқарды. Сол кезде Динамо спорт қоғамының ішкі істер бөлімдер арасында бірнеше дүркін самбо және дзюдо күресінен жеңімпаз болып атанды. Қазақ күресінен 7 дүркін облыстық ауыл ойындарының жеңімпазы атанды. 2008-2013 жылдары өмірінің ақтық күніне дейін Ұлан ауданы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы қызметін атқарып, талай аудан және облыс жеңімпаздарын дайындады.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Жарма ауданының жас балуандары 1 орын иеленді. Кілем қожайындары 2 орыннан көрінсе, Өскеменнен келген спортшылар үздік үштікті түйіндеді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрметті грамота және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Арнайы сыйлықтармен «Жеңіске деген жігері үшін» Бексултан Омаров Жарма ауданы, «Үздік палуан» Жеңісбек Ынтымақ Ұлан ауданы, «Үздік техника үшін» Алмас Сабыр Өскемен қаласынан марапатталды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер