Басқа

Динара Сәдуақасова Азияның ең үздік шахматшысы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Жыл сайын берілетін «Asian Chess Excellence Awards» сыйлығын тапсыру рәсімінде қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Азияның 2017 жылдағы ең үздік шахматшысы деп жария етілді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты рәсім 23 желтоқсан күні Әл-Аиндегі (БАӘ) Азияның шахмат саммитінде өтті.

"Жерлестерімнің жеңісімен мақтанамын. Динара Сәдуақасованы құттықтай отырып, оған жаңа табыстар тілеймін", - деді федерацияның вице-президенті Берік Балғабаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер