Волейбол

Петропавлда волейболдан әйелдер арасында турнир өтті

news-banner7
mobile-news-top

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасында ұлттық лиганың екінші туры ақталды.

Ел чемпионы «Алтай» биыл да топ жаратын секілді. Шығыс Қазақстан облысының қыздары екінші турдағы жеті кездесудің барлығында жеңіске жетті. Соңғы ойын күні «Алтай» алаң иелері «Қуаныштан» басым түсті. Екінші турда «Жетісу» да жақсы ойнады. Талдықорған командасы жалпы есепте 30 ұпаймен үздік үштіктің қатарына орналасты. 40 ұпай жинаған «Алтай» турнир кестесінде көш бастады. «Ертіс-Қазхром» 32 ұпаймен екінші орында келеді. Сосын тиісінше «Алматы» мен «Астана» тұр. «Алтай-2», «Қуаныш» және «Қарағанды» командалары төменгі сатыға жайғасты.

24.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер