Жеңіл атлетика

«Astana Winter Marathon» – көтеріңкі көңіл күй сыйлаған спорт мерекесі

news-banner7
mobile-news-top

Жүгіруді жақсы көретіндер үшін жылдың қай мезгілі болсын кедергі келтірмейді. Кеше Астанада триатлон саябағында алғаш рет қыс мезгілінде марафон өтті.

«Astana Winter Marathon 2017» үш қашықтық бойынша өткізілді: классикалық марафон – 42 шақырым195 м, жартылай марафон – 21 шақырым және 10 шақырымға жүгіру.

Стартқа жалпы саны 400 адам шықты. Олардың арасында ең көбі ерлер – 298 адам, әйелдердің саны – 90 адамды құрады. Ұйымдастыру комитетінің мәліметі бойынша, алғашында 300 адам жүгіреді деп жоспарлаған екен. Алайда тілек білдірушілер көп болған көрінеді.

Марафонға қатысқандардың арасында Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев, BI Group басшысы басшысы Айдын Рахымбаев, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев секілді танымал шенеуніктер, бизнесмендер болды.

Енді жеңімпаздарға тоқталып өтсек, 10 шақырымға жүгіргендердің арасында ерлерден Арман Ғалымов, қыздардан Әсем Меркажанованың бағы жанды. Жартылай марафоннан Павел Брода мен Әсел Құспанова үздік шықты. Классикалық марафоннан Асқар Жаңабергенов топ жарды.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер