Жеңіл атлетика

Болат Жәмішев: Астанада марафонға белсенді дайындалатындар өте көп

news-banner7
mobile-news-top

Астанада алғаш рет ұйымдастырылған қысқы марафонға қатысушылар арасында танымал шенеуніктер, бизнесмендер болады. солардың бірі – «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Танымал қаржы менеджері 21 шақырымға жүгірді. Марафон аяқталған соң, Болат Бидахметұлының жарыс туралы пікірін білген едік.

– Керемет ұйымдастыру. Ауа-райы жағынан да жолымыз болды. Халықаралық стандартқа сәйкес триатлон саябағында өтіп жатқан спорт мерекесіне қатысқаныма қуаныштымын. Бүгін мен тек 21 шақырымға янғи жартылай марафонға ғана жүгірдім. Жалпы, өзім осы жерде күнде таңертең жаттығамын. Таңғы бестің өзінде адам көп болады. Одан кейін алтыда басқа топ, жетіден сегізге дейін тағы бір топ жүгіретіндерді байқаймын. Осыншама адамның марафонға дайындалып жатқанын көріп кейде таңқаламын. Соңғы кездері елімізде марафондардың саны артып келеді. бұл қуантады. Әсіресе, Астана мен Алматы қалаларында жиі өткізіліп жүр. Соның бірнешеуіне қатысып үлгердім. Бірақ қыстағы марафонға алғаш рет жүгіріп тұрмын. Аяз болмай, ақ ұлпа қардың үлбіреп тұруының өзі керемет, – дейді Болат Жәмішев.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер