Басқа

«Astana Winter Marathon» мәресіне жетті

news-banner7
mobile-news-top

Елордада алғаш рет ұйымдастырылған қысқы марафон өз мәресіне жетті. Осыған дейін 400 адам «Astana Winter Marathon» марафонына қатыспақшы екенін хабарлаған едік.

Қатысушылар 10, 21 және 42 шақырым қашықтықтарда бақ сынады. Алғашқы екі қашықтықта ерлер мен әйелдер тобы жүгірсе, ең ұзақ аралыққа тек ерлер ғана жарысты.

Сонымен 10 шақырымда Арман Ғалымов пен Әсем Меркежанова топ жарса, жартылай марафонда Павел Брода және Әсел Құспанова жеңімпаз атанды. Ал ең алыс қашықтық, толық марафонда, Асқар Жаңабергенов алдына ешкімді салған жоқ.

«Қатысушылардың арасында үкімет пен бизнес өкілдері де болды. Мәселен, «Қазақстанның даму банкі» АҚ төрағасы Болат Жәмішев 21 км қашықтықта, ал «BI Group» басшысы Айдын Рахымбаев жанұясымен 10 км қашықтықта жүгірді. Негізі, бүгін марафон үшін өте қолайлы ауа-райы болды. Температура бар болғаны -4 градус, ал таң атқаннан бері жауған қар қысқы спорт мерекемізді көріктендіре түсті», - дейді Astana Winter Marathon ұйымдастыру комитетінің баспасөз xатшысы Әсем Әбдірайымова.

Бұл жарысқа қатысушылардың ең кішкенесі 9 жаста болса, ең үлкені 70 жаста болған.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер