Әлем футболы

«Селтиктің» жеңілісіне бәс қойып, 501 коэффициентті ойнатты

news-banner7
mobile-news-top

Шотландия біріншілігі аясында «Селтик» өз алаңында «Хартс» командасына күтпеген жерден 4:0 есебімен ұтылып қалды.

Ішкі біріншілік пен ел Кубогында 69 матч бойы жеңіліс дәмін татпаған «Селтиктен» мұндай нәтижені ешкім күтпеген болатын. Жанкүйерлердің басым көпшілігі «Селтиктің» ұтылмайтынына нық сенімді болған, алайда арасында тәуекелге баруды ұнататындары да бар.

Мысалы Bet365 букмекерлік кеңсесінің клиенті өзінің сүйікті командасы 4:0 есебімен ұтады деп 501,0 коэффициентке £10 ($13,3) ақшаны бәске тіккен. Алайда ойын кезінде жанкүйердің жүйкесі сыр беріп, «Хартс» төртінші голды соққанда £2624 ($3,5 мың) сатып жіберген. Егер де ол сатпағанда, ұтыс £5010 ($6,7 мың.) құрайтын еді.

Ал William Hill букмекерлік кеңсесінің клиенті 201,0 коэффициентті құраған 4:0 есебіне £5 ($6,6) қойған. Ұтыс £1010 ($1,35 мың.) құрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер