Велоспорт

Танымал шабандозды көлік қағып, көз жұмды

news-banner7
mobile-news-top

Австралиялық велошабандоз Джейсон Лоундесті жаттығу кезінде машина қағып кетіп, спортшы оқиға орнында көз жұмды.

Бұл туралы Israel Cycling Academy командасының Facebook парақшасында хабарланды. Джейсон Лоундес сегіз күн бұрын ғана өзінің 23 жасқа толғанын атап өтіп еді. Оқиға өзінің туған қаласы Бендигоның (Австралия)маңында болған.

«Джейсон 2017 жылдың жарыс маусымы бойы Israel Cycling Academy командасының атынан сынға түсіп келді. Біз енді оның жайлы мінезін, бауырмал жүрегі мен риясыз күлкісін қатты сағынатын боламыз»,-деп жазылған хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер