Бокс/Күрес/ММА

Майрбек Хасиев: Бұл жекпе-жекте Арман Оспанов жеңіске жетті

Майрбек Хасиев: Бұл жекпе-жекте Арман Оспанов жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Absolute Championship Berkut лигасының неігізін қалаушы Майрбек Хасиев қазақстандық Арман Оспанов (8-2) пен ресейлік Алексей Полпудников (25-4-1) жекпе-жегіндегі төрешілер шешіміне көңілі толмағандығын айтты. Кездесулер арасындағы үзілісте Хасиев октагонға көтеріліп өз ойын білдірді.

— Достар, мен төрешілер шешіміне араласпаймын. Алайда меніңше, бұл жекпе-жекте Арман Оспанов жеңіске жетті. Менімен кейбір әріптестерім келіспейді. Үшінші айқас өткізіп Арман мен Алексей бұл теке-тірестің нүктесін өздері қойсын. Ол кездесу Қазақстанда өтсін! — деді Хасиев.

Естеріңізге салайық, Оспанов — Полпудников жекпе-жегінде ресейлік спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер