Бокс/Күрес/ММА

Астанада киокушинкай-кан каратэ спортынан халықаралық турнир басталды

news-banner7
mobile-news-top

Астанада киокушинкай-кан каратэ спортынан Kazakhstan Open халықаралық турниры басталды. Турнир Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнап ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жарысқа жақын шетелдерден және еліміздің әр аймағынан 500 ден астам спортшы қатысады. 8 жастан 18 жас аралығындағы каратэ шеберлері 25 кг-нан бастап 80 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын болады.

Турнир 23-24 желтоқсан күндері «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер