Жеңіл атлетика

Шымкентте Олег Сакиркинді еске алуға арналған республикалық турнир басталды

news-banner7
mobile-news-top

Шымкентте үш қарғып секіруден 1987 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Олег Сакиркинді еске алуға арналған республикалық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Республикалық турнир Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика манежінде өтіп жатыр. Екі күнге жалғасатын бәсекеге қатысушылар 10 сайыс бойынша сынға түспек. Тарқатып айтсақ, ерлер мен әйелдер 60, 200, 400, 800, 1500, 3000 метрге жүгіру, 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, ұзындыққа, биіктікке және үш қарғып секіру бойынша өнер көрсетеді. Аталған турнирде Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарының атлеттері жүлделі орындарды сарапқа салады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы естелік медальдар, диплом және ақшалай сыйақы алады. Басты сыйлық ерлер арасындағы үш қарғып секірудің жеңімпазына беріледі. Өйткені Олег Сакиркин кезінде жеңіл атлетиканың осы сайыс түрінен өнер көрсеткен. Олег Сакиркин өткен ғасырдың 80-90 жылдарындағы еліміздегі үш қарғып секірушілердің бірі болды. 1987 жылы Римде өткен әлем чемпионатында қола жүлде еншілеген. Жабық кешендегі Еуропа чемпионатының жеңімпазы. Азия ойындары, Азия чемпионаты, дүниежүзілік студенттер универсиадасында талай мәрте Қазақстан қоржына олжа салған. Ең үздік нәтижесі - 17, 58 метр (1989 жылы). Бұл көрсеткішті Қазақстанда әлі күнге ешкім жаңартқан жоқ. Ол 2015 жылдың наурыз айында 49 жасында дүниеден өтті.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер