Бокс

Билли Джо Сондерс: Головкин - жас емес, маған шамасы жетпейді

news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBO титулының иегері Билли Джо Сондерс осы салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтуі мүмкін деген жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

BBC Sport мәліметінше, ол қазақстандықты жеңетініне сенімді. "Головкиннің күші көп, қысымды да жақсы жасайды және аяқпен шапшаң қозғалады. Алайда ол 28-де емес - ол 35-те. Менімен жұдырықтасу көп күшті қажет етеді. Мен жұмыс істеу дегеннің не екенін білемін және қазіргі уақытта барлығы былай дейді: "Бұл Билли Джо! Ол мықты боксшы. Ол Головкинді тізе бүктіреді, ол "Канелоны" жеңеді!". Осыдан төрт ай бұрын мен титулды тұтқында ұстап тұрған қорқау едім", - деді Сондерс. Айта кетейік, осыған дейін Головкин мен "Канело" арасында өтетін екінші кездесуде ұлыбританиялық боксшы андеркартта өнер көрсететіні жайлы мәлімет тараған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер