Спорт жаңалықтары
Әлем футболы

«Бавария» жаңа шабуылшы сатып алды

«Бавария» жаңа шабуылшы сатып алды
news-banner7
mobile-news-top

Германия құрамасының шабуылшысы Сандро Вагнер «Бавария» командасына ауысты.

Германия чемпионы Сандро үшін оның қазіргі командасы «Хоффенхаймға» 13 миллион евро төлеген көрінеді. Әрі ұзын бойлы шабуылшымен 2,5 жылға келісімге отырған. Бір қызығы Вагнер жаңа командасында көбіне қорғаушылар тағатын 2- номермен өнер көрсететін болады.

30 жастағы Вагнер жасы ұлғайғанда екінші тынысы ашылған футболшы саналады. Мюнхен қаласында туып, «Бавария» акедемиясында тәрбиеленгенімен, талантына ешкімді таңғалдыра алмай төмен деңгейлі командаларды жағалап кеткен еді. Тек былтыр «Хоффенхайм» командасының қатарына қосылғаннан бастап қайта түлеп сала берген. Осы жерде жүріп Германия құрамасына шақыртылды, жеті ойында бес гол соғып жақсы нәтиже де көрсетті. Енді, міне Герман чемпионатының үздік командасына ауысып отыр.


«Суонси Сити»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер