Басқа

Шөгеннен республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды

news-banner7
mobile-news-top

© Kazpolo.кz

Алматы облысының Талғар ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан шөген федерациясының ұйымдастыруымен республикалық турнир өз мәресіне жетті. 17-19 желтоқсан күндері "Әулиеата", Astana Polo Club, Almaty Polo Club, Almaty Horse & Polo Club және осы турнирде бірінші рет өнер көрсеткен Tu’lpar Polo Club командалары жарыстың жүлделерін сарапқа салды, деп хабарлайды Қазақстан шөген федерациясының баспасөз қызметі.

Әр команда айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен 3 чакерден ойнап шықты.

17 желтоқсанда алғашқы ойында Almaty Polo Club командасы Tulpar Polo Club 6:2 есебімен жеңді. Astana Polo Club тартысты кездесуде Almaty Horse & Polo Club командасынан 3:1 нәтижесімен басым түсті. Almaty Polo Club пен "Әулиеата" шөген клубы арасында әсерлі ойын өтті. Almaty Polo Club 3:2 есебімен "Әулиеата" шөген клубын басып озды. Ал, соңғы матчта Астаналық Astana Polo Club Tulpar Polo Club құрамасын 2:0 есебімен жеңіске жетті.
18 желтоқсанда іріктеу ойындарының екінші күні додаға бірінші болып Almaty Horse & Polo Club пен Almaty Polo Club құрамалары тартысқа түсті. Есеп 0:5 нәтижесімен Almaty Polo Club жеңіске жетті. Astana Polo Club пен Әулиеата шөген клубы екінші ойында кездесіп, 3: 2 Astana Polo Club пайдасына шешілді. Tulpar Polo Club пен Almaty Horse & Polo Club құрамалар арасындағы тартыс 2:1 есеппен аяқталды.

19 желтоқсанда өткен ақтық ойында "Әулиеата" шөген клубы Almaty horse & Polo Club командасымен кездесті. «Әулиеата» клубының ойыншысы Нұрдаулет Момынов дүбірлі додада 3 гол салып шебер ойынына тәнті етті. Қызу ойында «Әулиеата» шөген клубының ойыншылары мен қатар поло-пони де өз үлесін қосып, қарсылас командаға "пони-гол" салды. Жалпы есеппен 6:1 "Әулиеата" шөген клубы жеңді.

Қызу тартыста Almaty Polo Club қарсыласы Astana Polo Club -ты 3:2 есебімен басып озды. Есеп 3 чаккерге дейін 2:2 ұпайымен теңесіп тұрды. Төреші қосымша тағы бір чаккер қосты. Ойынның соңғы минуттарында Кемел Мамедов қарсылас шөгеншілер қақпасының кілтін тауып шешуші гол соқты.

"Әулиеата" шөген клубы үшінші ойынында Tulpar Polo Club-пен кездесіп, 6:1 есебімен өз қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, командалар келесі орындарға ие болды: 1 орын - Almaty Polo Club; 2 орын - Astana Polo Club; 3 орын - "Әулиеата" шөген клубы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер