Ой қорыту

«Астананың» президенті: Шомко үшін екі миллион еуро төлеуге әзір

«Астананың» президенті: Шомко үшін екі миллион еуро төлеуге әзір
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» клубының президенті Саян Хамитжанов Today.kz сайтына берген сұхбатында Дмитрий Шомкоға еуропалық ұжымдардан ұсыныс түскенін айтып берді.

- Қазақстандық футболшылардың ішінде осындай жетістікке жетуге барынша көп үлесін қосқан - Дмитрий Шомко мен Юрий Логвиненко. Осы жылы Шомконың келсімшартының мерзімі аяқталған еді. Дегенмен оның агенттерімен жүргізген қиын келіссөздердің арқасында жаңа үш жылдық келісімшартқа отырдық.

Биыл Шомкоға бірнеше еуропалық клубтың көз түсті. Қазірдің өзінде қолымызда Ресей мен бірнеше еуропалық ұжымдардан ұсыныстар бар. Олар Шомко үшін екі миллион еуро төлеуге әзір. Алайда оның біздің құрамда қалғанын қалаймыз. Шомконың әлі де болсын дами түсетініне сенеміз. Оны тек Еуропаның үздік клубтарының біріне ғана сатамыз, - дейді «Астана» клубының президенті.

Айта кетейік, Саян Хамитжанов осы сұхбатында елордалық команда сапындағы ең көп жалақы алатын футболшыны атаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер