Басқа

ШҚО шаңғышысына Австрия жерінен жүлде бұйырды

ШҚО шаңғышысына Австрия жерінен жүлде бұйырды
news-banner7
mobile-news-top

Шығысқазақстандық спортшы Австрияның Сант-Ульрихам қаласында өткен халықаралық FIS старт сайысында 10 шақырымды классикалық әдіспен жүгіруде алтын медальға иелік етті.

Аталмыш бәсекеде барлығы 72 шаңғышы жарыс жолына шықты. Олардың қатарында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің тәрбиеленушісі Иван Люфт болды. Мәре сызығын 26.55.0. уақытымен кесіп өткен ШҚО шаңғышысы тұғырдың ең биік сатысынан орын алды. Жүлде үшін таласта Иван Люфт қос бірдей француз спортшыларынан айласын асырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл шығысқазақстандық шаңғышының алғашқы жүлдесі емес. Бұған дейін Финляндияның Контиолахти қаласында өткен халықаралық FIS старт жарысында 10 шақырымды классикалық әдіспен жүгіруде топ жарған болатын.

Фото dodasport.kz сайтынан алынды

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер