Футзал

«Қайраттың» бұрынғы бапкері украиналық клубты баптайды

news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының бұрынғы бас бапкері Жоао Карлос Барбоза украиналық «Продэксим» клубын жаттықтырады. Бұл туралы kazfootball.kz сайты осы клубтың сайтына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс бразилялық маман «Қайратты» бастап UEFA кубогының қола медалын екі мәрте жеңіп алған болатын. «Қайрат» футзалдан UEFA кубогының жүлдесіне алғаш рет осы маманың кезінде қол жеткізді. Әрі алматылықтардың Еуропадағы алпауыт ұжымға айналуына бұл бапкердің сіңірген еңбегі зор.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер