Велоспорт

Мигель Анхель Лопес «Астанамен» жаңа келісімшартқа қол қойды

news-banner7
mobile-news-top

Колумбиялық велошабандоз Мигель Анхель Лопес «Астананың» намысын 2020 жылдың соңына дейін қорғайтын болды. Бұл туралы astanaproteam.kz сайты хабарлап отыр.

Шабандоз бен «Астана» велокомандасының арасындағы келісімшарт 2018 жылдың соңына дейін жасалған. Келісім мерзімінің аяқталуына әлі бір жыл уақыт бар болса да қос тарап оны тағы екі жылға созуға шешім қабылдаған екен.

23 жастағы Мигель Анхель Лопес Астанаға 2015 жылы келген болатын. Өткен үш маусымда ол алған жарақаттарына қарамастан өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Осы керемет көрсеткіштерінің арқасында команда басшыларынан жаңа келісімшарт ұсынылып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер