Баскетбол

Коби Брайант таққан номерлер құрмет тақтасына ілінді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін таңертең NBA кезекті турында «Лос-Анджелес Лейкерс» командасы өз алаңында «Голден Стэйт Уорриорзді» қабылдап 114-116 есебімен ұтылып қалды.

Тайм аралығындағы үзілісте «Лос-Анджелес Лейкерстің» аңыз ойыншысы Коби Брайант таққан номерлерді құрмет тақтасына ілу рәсімі өтті. Бұдан кейін ол киген 8 және 24 номерлері тек клубтің құрмет тақтасында ғана тұрады. Енді ешкімнің ол номерлерді тағуға мүмкіндігі болмайды.

Коби баскетболшылық мансабында тек бір команданың ғана намысын қорғаған. «Лос-Анджелес Лейкерс» сапында 1996-2016 жылдар аралығында 20 жыл өнер көрсетті. Атақ-даңқы бір басына жетіп артылатын аңыз ойыншы алғашқы он жылдықта 8- номермен ойнаса, 2006 жылдан бастап 24- номерді таққан болатын.

Даңықты спортшы таққан номерді "демалысқа жіберу" спорт әлемінің жазылмаған ережесі. Команда үшін аянбай тер төккен спортшыға жанкүйерлер мен клуб тарапынан көрсетілетін құрметтің бір түрі саналды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер