Жеңіл атлетика

Алматыға Азияның ең үздік төрешісі келеді

news-banner7
mobile-news-top

25-27 желтоқсан күндері Алматы қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) бағдарламасы бойынша төрешілердің біліктілігін арттыруға арналған оқу курсы өтеді.

Негізгі лектор ретінде Азияның ең үздік төрешілерінің бірі – Вадим Нигматов келмек. Тәжікстандық маманның жастығына қарамастан ірі халықаралық додалардағы тәжірибесі мол. Ол Азия ойындары мен Азия чемпионатында, бүкіләлемдік Универсиада, Олимпиада ойындары, «Гауһар лигада» төрелік еткен. 33 жастағы Нигматов 2006 жылы халықаралық дәрежедегі төреші атанды. Сөйтіп, жеңіл атлетикадағы әлемнің ең жас төрашісі атанды.

– Ол кезде 22 жаста болатынмын. 2013 жылы емтихан тапсырып, IAAF-тың ең жоғары дәрежесін алдым. Жалпы, 10 жылдан бері халықаралық сайыстарға қазылық жасап жүрмін, – дейді В.Нигматов.

Тәжікстандық төреші бүгінгі таңда Швейцарияның Лозанна қаласында тұрады. Соңғы жылдары Еуропа жеңіл атлетика қауымдастығында еңбек етіп жүр. Оның негізгі міндетіне Еуропадағы жеңіл атлетикадан ірі додалардың дайындығын бақылау.

Айтпақшы, Нигматов 22-23 қазан күндері Лондонда емтихан тапсырып, International Technical Official (ITO) дәрежесіне ие болды. Енді алдағы 4 жылда IAAF сайыстарына қазылық етуіне толық мүмкіндігі бар. Емтиханның қорытындысы бойынша мұндай лицензияны Азиядан 4 адам ғана алды. Соның бірі – осы Вадим Нигматов.

Айта кетейік, 25-27 желтоқсан күні Алматыда өтетін төрешілерге арналған курсқа IAAF талабы бойынша тек 20 қазы қатыса алады. Курс аяқталған соң, қатысушылар емтихан тапсырып, арнайы сертификатқа ие болады.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер