Criminals
Басқа

18 қазақстандық спортшы допинг дауына ілікті

18 қазақстандық спортшы допинг дауына ілікті
news-banner7
mobile-news-top

Қара тізімге күтпеген жерден теннисші Камила Керімбаева, шаңғышы Александр Малышев, ауыр атлеттер және басқа спорт өкілдері енді.

Ұлттық антидопинг орталығы 2017 жылы антидопинг ережесін бұзып, спорттан шеттетілген спортшылардың тізімін жариялады. Назарларыңызға сол тізімге енген қазақстандық спортшылар жайлы және допинг үшін қанша уақытқа шеттетілгенін айтып өтеміз.

Ауыр атлетика – 5 спортшы

Иван Голушко, 22 жас – ШҚО

Иван Голушко / Фото спортшының жеке мұрағатынан.

Халықаралық жетістіктері: Жабық ғимараттағы Азия ойындарының қатысушысы (2017 жыл, 6-шы орын). Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: Тестостерон.

Сынама түрі: Жарыстан тыс.

Шеттету мерзімі: 4 жыл, 23.10.2017 – 22.10.2021.

Ғалымбек Жұбатқанов, 22 жас – Қызылорда

Халықаралық жетістіктері: Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпоны (2011 жыл, жасөспірімдер аарасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2012 жыл). ҚР спорт шебері.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: Оралтуринабол.

Сынама түрі: Жарыстық.

Шеттету мерзімі: 8 жыл, 23.10.2017 – 22.10.2025.

Бірінші рет 2013 жылы допинг дауына ілікті. Жұбатқановтың допинг сынамасынан туринабол мен станозолол табылды. Ол кезде Ғалымбек 2015 жылдың 5 шілдесіне дейін спорттан шеттетілген болатын.

Анатолий Грубов, 16 жас – Алматы облысы

Халықаралық жетістіктері: Жоқ.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: оралтуринабол.

Сынама түрі: Жарыстық.

Шеттету мерзімі: 4 жыл, 23.10.2017 – 22.10.2021.

Максим Лактионов, 22 жас – Теміртау

Максим Лактионов / Фото спортшының жеке мұрағатынан

Халықаралық жетістіктері: Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2012 жыл). ҚР спорт шебері.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: Оралтуринабол.

Сынама түрі: Жарыстық.

Шеттету мерзімі: 8 жыл, 23.10.2017 – 22.10.2025.

Алғаш рет 2013 жылы допинг дауына ілікті. Лактионовтың қанынан туринабол табылған болатын. Ол үшін Максим 2015 жылдың 6 шілдесіне дейін спорттан шеттетілен.

Нұрлыбек Саменов, 25 жас – ОҚО

Халықаралық жетістіктері: Жоқ.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: мельдоний.

Сынама түрі: Жарыстық.

Шеттету мерзмі: 1 жыл, 23.10.2017 – 22.10.2018.

Жеңіл атлетика – 2 спортшы

Дамир Касаинов, 30 жас – ШҚО

Дамир Касаинов / Фото vksport.kz сайтынан

Халықаралық жетісітіктері: Жоқ.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: дростанолон.

Сынама түрі: Жарыстық.

Шеттету мерзімі: 4 жыл, 18.09.2017 – 17.09.2021.

Рахат Мағзамов, 26 жас – Павлодар облысы

Халықаралық жетістіктері: XXVII Ғұсман Қосанов Мемориалының жеңімпазы (2017 жыл). ҚР спорт шебері.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: Мельдоний.

Сынама түрі: Жарыс кезінде алынды

Шеттету мерзімі: 4 жыл, 18.09.2017 – 17.09.2021.

Велоспорт – 2 спортшы

Владимир Дорофеев, 17 жас – ОҚО

Владимир Дорофеев (суретте он жағында) / Фото спортшының жеке мұрағатынан

Халықаралық жетістіктері: Жоқ.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: мельдоний.

Сынама түрі: Жарыс кезінде алынды

Шеттету мерзімі: 4 жыл, 18.09.2017 – 17.09.2021.

Наталья Соковнина, 27 жас – ШҚО

Наталья Соковнина / Фото спортшының жеке мұрағатынан

Халықаралық жетістіктері : Жоқ.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: фуросемид.

Сынама: Жарыстық

Шеттету мерзімі: 1 год, 25.09.2017 – 24.09.2018.

Astana Women's Team командасының бұрығы велошабандозы. Қазіргі таңда италиялық Servetto Giusta командасының спортшысы.

Ашық суда жүзу – 1 спортшы

Ксения Романчук, 20 жас – Карағанды облысы

Ксения Романчук / Фото спортшының жеке мұрағатынан

Халықаралық жетістіктері: Азия жағажай ойындарының қола жүлдегері (2016 жыл), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2013, 2017 жылдары), әлем чемпионатының қатысушысы (2017 год). ҚР спорт шебері.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: Дростанолон.

Сынама түрі: Жарыстан тыс.

Шеттету мерзімі: 4жыл, 18.09.2017 – 17.09.2021.

Шаңғымен жүгіру – 1 спортшы

Александр Малышев, 28 жас – ШҚО

Халықаралық жетістіктері: Универсиада жеңімпазы (2013 жыл), Универсиада ойындарының күміс жүлдегері (2015 жыл), ӘЧ, әлем кубогы кезеңідері, Азия ойындары (2017 жыл) және Бүкіләлемдік Универсиаданың (2017 год) қатысушысы. ҚР спорт шебері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: Мельдоний.

Сынама түрі: Жарыстан тыс.

Шеттету мерзімі: 4 жыл, 23.10.2017 – 22.10.2021.

Теннис – 1 спортшы

Камила Керімбаева, 22 жас – ОҚО

Камила Керімбаева / Фото ktf.kz сайтынан

Халықаралық жетістіктері: ITF турнирлерінің 18 дүркін жеңімпазы, Қазақстан құрамасының мүшесі, Федерация кубогы (2015, 2017 жылдар) мен Азия ойындарының (2014, 2017) қатысушысы. ҚР спорт шебері.

Организмінде қандай тиым салынған дәрі табылды: мельдоний.

Сынама түрі: Жарыстан тыс.

Шеттету мерзімі: 2 жыл, 25.09.2017 – 24.09.2019.

Естеріңізге салайық, бұған дейін 2017 жылы гимнаст Азизбек Кудратуллаев, ауыр атлет Ильдар Миннияров, жеңіл атлет Евгений Лабутов, күресші Дмитрий Попов, ескекші Олег Яницкий мен Михаил Емельяновтар допингпен ұсталған болатын.

Дереккөз: informburo.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер